Тараз қаласында қос бірдей көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

0 6

Бүгін Тараз қаласындағы Арай-2 шағын ауданында қос бірдей көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Бином»ЖШС-і мердігер болған қос тұрғын үй ғимаратының бірінің құрылыс жұмысы 2019 желтоқсанында, ал екіншісіндегі жұмыстар ағымдағы жылдың қаңтар айында басталған болатын.

Баспана кезегінде тұрғандарға жаңа пәтердің кілтін табыс етуге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты.

— Отбасы үшін ең негізгісі баспана. Бұл мәселе өңірде қалай шешіліп жатқанын жақсы білесіздер! Осыдан 2-3 ай бұрын 90 пәтерлі үй берілген болатын. Бүгінде Ата заңның 25 жылдығына орай тағыда 90 пәтерлі үй беріп отырмыз! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Қоныстарыңыз құтты болсын! Үйлеріңіз қуанышқа толсын! — деді облыс әкімі.

Аталған баспаналар ата-анасынан айырылған жетім балалар мен әлеуметтік әлсіз топтар мен бюджеттік ұйым қызметкерлеріне заң талаптарына сай берілді. Бүгін қуанышқа кенелгендердің бірі- Жәнібек Байтұрсынов. 2008-2011 жылдары «Ұлан» балалар үйінде тәрбиеленген ол 2011 жылы пәтер кезегіне тұрған екен.

— Бүгін міне армандаған баспанамызға қол жеткіздік! Бұған дейін пәтер жалдап тұрған болатынбыз. Осындай жобаларды ұйымдастырып отырған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа рахмет! Бізге хабарласып сендер баспаналы болдыңдар деген кезде әйеліміз екеуіміздің төбеміз көкке жеттіп, көзімізге жас үйірілді. Осындай мұқтаж жандардығ бәріне пәтер бұйырып, баспаналы болсын!, — деп қуанышын жеткізді.

Қазіргі таңда елімізде пәтер беру үшін «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» бағдарламалары жүзеге асып жатыр. Соның аясында Тараз қаласында 51 үй салынуда. Сондай-ақ, қаламызда 32 мыңнан астам тұрғын баспана кезегінде тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.