Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облысының тұрғындары «Менің Туым. Менің Отаным!» акциясына белсенді қолдау білдірді. Аймақ тұрғындары туған жерге деген патриоттық сезімдерін білдіре отырып, тұрғын үйлердің балкондарына 5 мыңнан астам мемлекеттік Туды ілді, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Аталған акцияға этномәдени бірлестік өкілдері мен жастар да ерекше атсалысты. Сонымен қатар, Тараз қаласы мен аудандарда автошерулер, флешмобтар және Мемлекеттік Туды қолдана отырып, түрлі патриоттық шаралар өтті.
Жамбылдықтар ел тұрғындарын мерейлі мерекемен әлеуметтік желі арқылы да құттықтауда. Олар Мемлекеттік Туға байланысты суреттер, бейнероликтер және естеліктерін #МеніңТуымМеніңОтаным! #МойФлагМояРодина! #Біздіңортақмереке #Нашобщийпраздник хештегтерімен жариялап, өз лебіздерін білдіруде.