2 жыл бойғы тұрғындардың жанайқайы шешімін тапты

0 8

«Бәйтерек» мөлтекауданындағы 37,38 үйлердің сыртына жөндеу жұмыстары басталды. Мердігерлер 3 жылға кепілдік бергенімен, 3 жыл өте сала қабырғалар сыр бере бастаған. Содан бері тұрғындардың бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған. Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев сәуірдің 3-не дейін мерзім беріп, жөндеу жұмыстарын тез арада бастау керектігін тапсырып, 2 күн мерзім берген болатын. Бүгін міне тұрғындардың көптен бергі тілегі орындалды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

2014 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлер 5 қабаттан, 75 пәтерден тұрады. Уәдеге тойған тұрғындар, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та үй мәселесін талай рет көтерген. Өткен жылдың маусым айында бюджеттен қаражат қарастырылып, құрылыс басталған тұста пандемия жағадан алып, құрылысты жүргізетін жұмысшылар тапшы болған. Жөндеу жұмыстары тоқтап, халықтың үміті тағы үзілген еді. Күні бүгінге дейін жалтарып жүргендер компанияны жауапкершілігі заң аясында қарастырылуда.

Айта кетейік, құрылысты қолға алған компания жұмысты 25 сәуірге дейін аяқтамақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.