Еліміздің барлық аумағында коронавирус инфекциясының көбейіп, науқастар саны күннен-күнге артуына байланысты Мойынқұм аудандық мобильдік топ мүшелері қоғамдық орындарға рейд жұмыстарын жүргізді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Рейд жұмыстары барысында Жамбыл, Мойынқұм ауылдарындағы қоғамдық орындарда бетпердесіз жүрген тұрғындарға ескерту беріліп, хаттама толтырылды.
Рейд жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.