Жамбыл облысында пара алу күдігіне ілінген лауазымды тұлғаға қатысты сот шешімі шықты

0 1

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты соттың шешімі шықты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол өз орынбасарынан осы лауазымға тағайындауға жәрдем көрсеткені үшін 2 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінген.

№2 Тараз қалалық сотының үкіміне сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (алаяқтық), 28 4-бөлігі (азғыру), 367 2-бөлігі (делдал арқылы пара беру) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Е-ға қатысты жаза параның 20 еселенген мөлшерінде, яғни үйқамақта ұстауы ескереріліп, айыппұлдың мөлшері 38 522 104 теңге көлемінде тағайындалды. Сонымен қатар, Е. өмір бойы мемлекеттік қызметте, сот, жергілікті мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, қаржы нарығы және қаржы ұйымдары, мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарға орналасу құқығынан айырылды.

Ал Жамбыл облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Т.-ға қатысты 24-баптың 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) және 367-баптың 2-бөлігі бойынша (делдал арқылы пара беру) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Т. 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен бірге өмір бойы мемлекеттік қызметте, сот, жергілікті мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, қаржы нарығы және қаржы ұйымдары, мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарға орналасу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.