38 жастағы әнші Ерке Есмахан мен 26 жастағы Райымбек Бақтыгереевтің ара қатынасы туралы хабардан кейін TikTok желісінде жаңа тренд тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ерке Есмаханның Raim-нан 12 жас үлкен екені белгілі. “Махаббат жасқа қарамайды”, десе де жұлдызды жұптың жас айырмашылығы қазақ қыздарының арасындағы жаңа трендке негіз болды.
Бейнежазбалар «Сізге үлкен жігіттер ұнай ма, әлде кіші жігіттер ұнай ма?» деген сұрақтан басталады. Ал қыздар сауалға жауап ретінде Ерке Есмаханның суретін қойған. Осылайша қыздар әнші сияқты жас жігіттерді ұнататынын білдіріп, әзілмен меңзейді.