Еріктілер қозғалысы: Қазақстан тәжірибесі әлемге үлгі болуда

0 3

Ұлттық волонтерлік желісі басшысының орынбасары Айбек Досымбетов Қазақстандағы волонтерлік мәдениет туралы айтты. Оның сөзінше, әр елде волонтерліктің дамуына ұлттық мәдениет пен дәстүр үлкен әсер етеді. Батыс елдерінде волонтерлік көбіне заңмен реттеліп, кей жағдайда жұмыс күшінің тапшылығына байланысты қалыптасқан. Ал Қазақстанда бұл қозғалыс азаматтардың елге қызмет ету ниетінен туындайды.

Өткен жылы Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп волонтерліктің негізгі бағыттары айқындалып, әлеуметтік, экологиялық және медициналық салаларды қамтитын сегіз әдістемелік құрал әзірленді. Бұл материалдар БҰҰ-ның волонтерлік бағдарламасының ресми сайтында жарияланып, басқа елдерге үлгі ретінде ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.