Дастан Әлібекұлы Айдарханов Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Дастан Әлібекұлы 1992 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.
2014 жылы Vistula университетін (Варшава қ., Польша) «Халықаралық бизнес» (бакалавр), 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша білім алып, магистр дәрежесіне ие болды. 2020 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы (бакалавр) бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Резидент еместерге салық салу басқармасында сарапшы ретінде бастап, 2017-2019 жылдары аралығында бас сарапшысы қызметін атқарған.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің бас сарапшысы, 2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекақы төлеу басқармасының басшысы болып еңбек етті.
Сондай-ақ 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мамандандырылған департаментінің сарапшысы, 01.2023-06.2023 жыл аралығында Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары, 07.2023-01.2024 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау бөлімінің бас инспекторы болды.
2024-2025 жылдары аралығында Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі лауазымында қызмет атқарды.