Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы азамат 2017 жылғы 20 желтоқсанда сағат 16.00 шамасында бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында жәбірленушінің үйіне кіріп, құны 30 000 теңге тұратын жылытқышты ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Басты сот талқылауы барысында тараптар татуласты.
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіның мәліметінше, сот жәбірленушімен татуласып, залалдың орнын толтыруына байланысты азаматты қылмыстық жауаптылықтан босатты. Қылмыстық іс жүргізу тоқтатылды.
Қылмыстық істі электронды нысанда жүргізу тергеу мерзімін қысқартып, материалдарды бұрмалау ықтималдығын азайтып, іс құжаттарына онлайн режимде қол жеткізу мүмкіндігін арттырып, дәлелдемелерді жинау және процестік құжаттарды дайындау рәсімін жеңілдетеді.
Еске сала кетейік, 2017 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне қылмыстық сот ісін қағаз және электронды түрде жүргізуге мүмкіндік беретін «Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы» атты 42-1-бап енгізілді.
Дереккөз: baq.kz