Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдау барысында 18 қаңтар күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің брифингіне қатысатын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорк қаласына ресми сапармен баратынын жеткізді.
«Биыл 18 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде «Жаппай қырып жоятын қаруды таратпау, сенім шаралары» атты брифингіне қатысуды жоспарлап отырмын. Бұл тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ. Біз жаппай қырып жоятын қаруды таратпау режимін дәйекті түрде нығайту мен кеңейту арқылы ғаламды ядролық қарудан азат етуді қалайтынымызды айтып келеміз», — деп түйіндеді сөзін Қазақстан президенті.
Дереккөз: baq.kz