Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты аяз күтілуде

0 22

«Қазгидромет» РМК таратқан болжамға сәйкес, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде қатты аяз, Павлодар облысының кей жерінде өте қатты аяз болуы мүмкін, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Антициклонның әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста, оңтүстікте аздаған жауын-шашын жауады.

Республиканың кей жерінде жел күшейіп, тұман болады, солтүстік-батысында бұрқасын болуы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-25 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болып, жекелеген ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде қатты аяз, Павлодар облысының кей жерінде өте қатты аяз болады.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.