Жамбыл облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«14-15 ақпан күндері Жамбыл облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болатын оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді, кейде 30 м/с, тіпті одан да асуы мүмкін», — делінген хабарламада. 14 ақпанда қар жауады, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қарлы боран, тұман, көктайғақ болады. Таразда 14 ақпанда жел алдымен оңтүстік-шығыстан, кейін оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да артық болады.
Дереккөз: inform.kz