Қырғыз депутаты Қазақстан азаматы ма?

0 22

Елімізде арнайы операция кезінде қамауға алынған қырғыз депутатының қос азаматтығы бар болып шықты. Дамирбек Асылбек уулуы- көрші елдің ғана емес, Қазақстанның да азаматы екен. Мұны Қырғызстанның Сыртқы Істер мнистрлігі ресми түрде  мәлімдеді. Әрі грек-рим күресінің кәсіпқой палуаны екі мыңыншы жылдардың басында қазақ елінің атынан жарыстарға қатысып, көк туымызды желбіреткен екен, деп КТК хабарлайды 

Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің депутаты Дамирбек Асылбек уулы-ның төңірегіндегі дау ушықпаса, басылатын түрі жоқ. Енді қырғыздардың қоғам белсенділері халық қалаулысының биографиясындағы былықты әшкерелеп жатыр. Яғни атышулы  депутат Қазақстанның азаматы да болып шыққан.  Тіпті грек-рим күресінен қазақ намысын талай рет қорғаған.

-5 минут 10 секунд ішінде жеңіске жеткен  Асылбекуулуы Дамирбек, Қазақстан!

Міне 2003-ші жылы түсірілген мына видеода  Дамирбек Асылбек уулуы жеңіске жетті. Тіпті, бұған дейін 2001-ші жылы Монғолияда өткен Азия біріншілігінде де Қазақстан атынан шығып, күміс медаль алыпты. Сол мәліметтер міне халықаралық  уикипедия сайтында да  анық жазылған. Тіпті белсенділер,  халық қалаулысының шын аты Динарбек Сұпатаев екенін айтуда. Әрі, туған жылын да өзгерткенге ұқсайды.

ЭДИЛ БАЙСАЛОВ, ҚЫРҒЫЗ САЯСАТТАНУШЫСЫ:

-Ол 1981 жылғы емес,  1979-жылғы екен. 1997-ші жылы ел аралық чемпионатка кадет болып, 16 жастағы бала  болып қатысамын деп, туған жылын өзгертті деген мағлұматымыз бар. Әлбетте ел аралық чемпионатқа қатысып жатса бізде күмән жоқ.  Қазақ паспортын, қазақ азаматтығын алғанында бізде күмән жоқ.

Сарапшылардың айтуынша, кейін Асылбек уулы өзі жайлы мәліметтерді өзгертіп, Қырғыз азаматтығын алған. Сөйтіп  2009 жылы небары 28 жасында  Жоғарғы кеңестің ең жас депутаты болып сайланған. Кейін 2015 жылы да мандатын сақтап қалыпты. 37 жастағы халық қалаулысы, сот жүйесін реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметін де атқарады. Бірақ, оның қос азаматтығы бола тұра қалайша  заң шығаруға органға өтіп кеткені  түсініксіз.  Тіпті Қырғызстанның құзырлы орындары Дамирбек Асылбек уулу-ның  қазақтың төлқұжатына қалай қол жеткізгенін білмей дал.

МҰРАТБЕК ӘЗІМБАКИЕВ, ҚЫРҒЫЗ  РЕСПУБЛИКАСЫ СІМ АҚПАРАТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

-Өкінішке орай, депутат Дамирбек Асылбек уулу-ның Қазақстан азаматы екені белгілі болды. Мұны көрші елдің дипломаттары ресми ақпарат жолдап растады.

Ал, дауға қалған 37 жастағы халық қалаулысы, сыбайластырымен бірге тура бір апта бұрын Алматы облысында жүргізілген арнайы операция кезінде ұсталып, екі айға қамауға алынған болатын.  Ол кезде жалпы саны 35 адам ұсталған еді.  Оларға шекарада контрабандамен айналысқан деген айып тағылған.

Енді атышулы Дамирбек Асылбек уулы-ның  қос бірдей азаматтық алғаны үшін де шатылуы мүмкін. Бұл үшін ірі айыппұл немесе азаматтығынан айыру жазасы қарастырылған. Бірақ, жазасын қай елде өтейтіні әзірге белгісіз. Ал, Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы халық қалаулысын дереу мандатынан айыру мәселесін қарап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.