Теңге едәуір нығайды

0 11

Сейсенбі күнгі таңертеңгілік сессия бойынша АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орташа бағамы Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 долларға 319,6 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 1,85 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 319,32 теңге, ал ең жоғарысы  320,1 теңге деңгейінде болған.

Сауда көлемі 88,65 млн долларға жетті. Айта кетейік, бір күн бұрын доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 321,45 теңге, күндізгі сессияда — 321,15 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 321,26 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 128,95 млн долларды құраған.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.