Астанада компания өкілдері студенттерге жұмыс орнын ұсынды

0 17

30-дан аса компанияның өкілдері бүгін еңбек жәрмеңкесіне қатысып, жастарға жұмыс орнын ұсынды.

«Бірақ бір қағиданы ұмытпау керек», – дейді ұйымдастырушылар. Ақша табу оқу үлгеріміне кедергі болмауы керек. Мұны жұмыс берушілер де ескереді. Студенттер мен жоғарғы оқу орнының түлектеріне арналған бұл еңбек жәрмеңкесі екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Үш айда бір өтетін бұл шара студенттер үшін жұмыс іздейтін тиімді тәсіл болып отыр.

Камила Құлбаева, 3-курс студенті:

– Әлеуметтік жағдайға мұқтаж, оқу ақысын төлей алмайтын студенттер бар. Соларға өте тиімді. Сабақ пен жұмысты бірге алып жүретін белсенді жастарға көмегін береді.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.