Сирия мен Ирактан елімізге қайтып оралғандар радикалды көзқарастан айнымаған

0 5

Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыс аймағынан Қазақстанға 125 адам оралды. Осы күні олардың 57-сіне қатысты соттың үкімі шықты, деп 24.kz   хабарлады.

Елімізге қайта қоныс аударғандардың 40-тан астамы балалар екен. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Үкімет отырысында Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны қорытындылады. Оның айтуынша, соңғы бес жылда республика аумағында 38 терактіге тосқауыл қойылды. Ал шетелдегі күмәнді теологиялық оқу орындарынан 384 студент елге қайтарылды. Сондай-ақ Үкімет мүшелері терроризмге қарсы күреске арналған бес жылдық бағдарламаның жаңа жобасын бекітті.

Нұрғали Білісбеков, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары: 

—  Өздеріңіз білетіндей, халықаралық террористік ұйымдар Сирия мен Иракта жеңіліс тапты. Сондықтан ондағы содырлар отбасыларымен бірге басқа жерлерге, соның ішінде өз елдеріне қоныс аударуда. Мысалы, қазіргі уақытта Қазақстанға 125 азамат қайта оралып, олардың 57-сі сотталды. Қалғандары бақылауда. Бұл жерде назарға алатынымыз, қайтып келгендер радикалды көзқарасты ұстануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.