Синоптиктер мереке күндеріне ауа райы болжамын ұсынды

0 0

Қазгидромет мереке күндеріне ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елімізде мереке және демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады.

«Республиканың оңтүстік, оңтүстік шығысы және шығыс өңірлерінде жауын-шашын, қатты жел болады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Температураның жоғарылауына ықпал ететін циклон Каспийдің оңтүстік бөлігінде қалыптаса бастады. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы 8…13, кейбір жерлерде 18, 15…20, кей жерлерде 25 градус, шығысында 3…8 жылы болады», — деп хабарлайды синоптиктер.

Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық облыстарына Батыс Сібірден суық, ылғалды ауа массалары ығыса бастайды. Осыған байланысты қар мен жаңбыр жауып, боран соғады. Көктайғақ болып, желдің екпіні 15-23 м/с дейін күшейіп, күн суытады деп болжанып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.