Қажылыққа аттанған танымал кәсіпкер отбасымен өлі күйінде табылды

0 0

Сауд Арабиясы қаласындағы қонақ үйлердің бірінде 33 жастағы тәжік кәсіпкері Бахтиер Додохонов пен оның әйелі және екі баласы өлі күйінде табылды, деп centralasian.org  хабарлады.

Додохоновтардың туыстары марқұмдардың денелері 5 наурызда табылғанын, бұл хабарды келесі күні ғана естірткенін айтты.

Әзірге Тәжікстан және Сауд Арабиясы бірнеше кісінің өліміне қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.

Бахтиер Додохонов Тәжікстанда белгілі кәсіпкер болды. Он күн бұрын ол отбасымен бірге кіші қажылық жасау үшін Мединеге кеткен. Умра 21 күнге созылады. Додохоновтардың елге қайтатын билеттері болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.