Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Мұратқан Тоқмәдидің қашу әрекетінен кейінгі суретін жариялады, деп ZhambylNews комитеттің сайтына сілтеме жасап.
«2018 жылғы 8 наурызда 19 сағат 20 минут шамасында 1966 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласының тумасы М.К. Әбіләзовтің тапсырысы бойынша «Тұран Әлем Банкі» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Е.Н. Тәтішевті қасақана өлтірді деген күдікті Мұратхан Шакерханұлы Тоқмади Жамбыл облыстық ауруханасы мекемесінен қашу әрекетін жасады.- делінген сайтта.
Сот процесі кезінде қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта М. Тоқмади денсаулығының нашарлығына шағым айтып осы орайда уақытша Жамбыл облыстық ауруханасында болған.
Қабылданған шаралармен М.Тоқмади Тараз қаласының жағдайында жедел ұсталып, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 (Жамбыл облыстық ІІД Тергеу изоляторы) мекемесіне қамалды.
Қазіргі кезде М.Ш. Тоқмадидің қашуына ықпал еткен жағдайлар мен себептер анықталуда.