Бүгін Пхенчханда қысқы Паралимпиада ойындарының алауы тұтанады

0 0

Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында қысқы Паралимпиада ойындарының алауы тұтанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 наурызға дейін жалғасатын қысқы Паралимпиада ойындарына қазақстандық спортшылар да қатысады. Осымен 12-ші рет алауы тұтанғалы отырған байрақты додаға Қазақстаннан 6 спортшы қатысады. Атап өтетін болсақ, Қазақстан құрамасы сапында Қайрат Қанафин (шаңғы және биатлон), Александр Герлиц (шаңғы және биатлон), Сергей Усольцев (шаңғы және биатлон), Денис Петренко (шаңғы), Жаңыл Балтабаева (шаңғы) және Александр Колядин (шаңғы) спортшылар бар. Отандастарымыз Паралимпиада алдында Германияда, Ресейде және соңғы дайындықтарын Талғарда пысықтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.