Қарағандыда «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына тиесілі «Костенко» атындағы кеніште өрт шықты. Абырой болғанда қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.
«Ауысым басшысының тапсырмасымен бірден апатты жою бойынша жоспар енгізілді. Барлық жұмысшылар жер астынан жоғарыға көтеріліп, қауіпсіз жерге орналастырылды. Өрттің шығу себептері мен жағдайы аталған оқиғаны зерттеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін белгілі болады», — дейді «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз хатшысы Татьяна Богомолова.
Оның айтуынша, аталған оқиғадан кейін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының барлық өндіріс орындарында көмір департаментінің стандарттарына сай кезектен тыс өрт қауіпсіздігін тексеру жұмыстары жүргізілмек.
Дереккөз: Baq.kz