Жамбыл ауданында «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы сəтті жүзеге асырылуда

0 5

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан əкімі Б.Қазанбасов айтты, деп zhambylnews.kz хабарлайды. 
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 1 млрд. 171 млн. теңгеге 17 жобаға қолдау көрсетіліп, 105 жұмыс орны құрылды.
Ауыл шаруашылығы кешенінің өнімі 1,1 пайызға,яғни, 27 млрд. 302,8 млн. теңгеге артып отыр.
Себілген егістік көлемі 52 503 гектарды құрады. Одан 8 050 тонна бидай, 17 175 тонна жаздық арпа, 11 259 тонна дәндік жүгері, 6 599 тонна майлы дақылдар, 43 000 тонна қант қызылшасы егілсе, оның 37 пайызы қант зауытына өткізілді, қалғаны қалыпты кондицияға жетпеуіне байланысты мал азығы ретінде пайдаланылды , 19 576 тонна картоп, 168 105 тонна көкөніс, 12 787 тонна бақша жиналып, 129 816 тонна мал азығы дайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.