Халықтың 95%-на цифрлық телехабар тарату жоспарланып отыр

0 2

Бұл туралы «Ақпарат, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді көрсету салаларын дамыту» мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды, деп хабарлайды Zhambylnews АА Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Цифрлық телерадио хабарларын таратуға көшу мәселесі туралы БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директоры Нәшірәлі Елдос Бигелдіұлы баяндады.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта инфрақұрылымды салу аясында, бүкіл ел бойынша 2020 жылдың соңына дейін 827 радио-телевизиялық станция орнату қарастырылып отыр. Бұл станциялар аймаққа цифрлық хабар тарату мүмкіндігін беретін болады.

«Бұл жоспар бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын жоба. Жақында осыған байланысты Кеңес мүшелеріне цифрлық телехабар таратуға көшудің тәртібін ұсынған болатынбыз. Қазіргі кезде дайындық жағынан екі облыс алда тұр, олар Жамбыл және Маңғыстау облыстары. «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңына сәйкес, цифрлық хабар таратуға көшу үшін халықты алты ай бұрын ескерту керек. Барлық дайындықтар жүзеге асқан кезде министрлік хабарландыру жасайды. Жалпы алғанда бұл техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық тұрғыда дайындық жұмыстарын талап етеді», -деді Елдос Нәшірәлі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.