Кемеровода болған өрттен кейін шенеуніктер қызметтерінен босатылды

0 0

«Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрттен кейін шенеуніктер қызметтерінен босатыла бастады. Кемерово облысы губернаторының орынбасары Алексей Зеленин қызметінен кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қызметінен босатылған Алексей Зелениннің орнына Кемерово басшысының орынбасары болып Ольга Турбаба тағайындалды. Сондай-ақ, аймақтағы ішкі саясат департаментінің басшысы Нина Лопатинаның қызметінен қуылғаны белгілі болды.

«Интерфакс-Сибирь» басылымының хабарлауынша, мұндай шешімді Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев қабылдаған. Лопатинаның орнына Валентина Назимок келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.