Жоғалған 7 жасар қыз өлі табылды

0 2

ОҚО-да 7 жасар қыз өлі табылды, — деп  Zhambylnews AA хабарлайды Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Облыстық ішкі істер департаменті өкілдерінің айтуынша, 2018 жылдың 26 наурызында Сарыағаш АІІБ-на 7 жасар немересі жоғалғаны туралы әжесі арызданған.

«Жоғалған баланың жас екенін ескере отырып, полиция қызметкерлері тез арада арызды қабылдап, іздеу жұмыстарына кірісіп кетті. Іздеу жұмыстарына Ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жалпы 150 ден астам адам жұмылдырылды», — деп хабарлады полицейлер.

Амал не, бүгін, 28 наурызда кешкі сағат 20.10 шамасында 7 жасар қыздың мәйіті су арнасынан табылған. Полиция осы дерекке қатысты сараптамалар тағайындады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.