Тараз қаласы болашақта қандай болмақ?

0 4

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандарды аралап, олардың тыныс-тіршілігімен және қаланың келбетін жетілдірудегі мүмкіндіктермен танысты деп хабарлайды Zhambylnews  Jambyl телеарнасына сілтеме жасап.

Әуелі Т.Рысқұлов атындағы орталық саябақта орналасқан «Сосновый бар» кешенінде болған өңір басшысы нысан иелеріне оны жаңғырту жобасын әзірлеуді тапсырды. Аталған жобаға сай мұнда фитоорталық ашып, нысанды «Балқарағай» деп атау ұсынылды. Бұған қоса көзге оғаш көрінетін аумақтың қоршауларын мейлінше азайтып, тротуарлардың жаңа эскизін дайындау жұмыстарын қолға алады.

Сонымен қатар, «Тәжібай» базары аумағын да көгалдандыру, көгеріштендіру мақсатында ондағы 23 сотық жерді мемлекет меншігіне қайтару мүмкіндігін қарауды тапсырды. Мұнан соң бөлек аймақ басшысы  Ж.Жабаев атындағы «Руханият» орталығында болып, атауын өзгертіп, жыр алыбының музейі етіп жасақтауды тапсырды. Ал, «Руханият» орталығына жаңадан жеке ғимарат салу жоспарлануда.

Қаланы аралау барысында  шаһардың «Хромзона» аумағында бой көтерген жаңа ғимаратты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық департаментінің иелегіне беру жайы да таныстырылды. Сапар кезінде орталық көшелердегі сауда-саттық нысандарының бейберекет құрылысына шектеу қою, иесіз ғимараттарды мемлекет меншігіне қайтару бағытында жұмыстарды нықтап қолға алу тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.