Таразда «WorldSkill Zhambyl-2018» облыстық чемпионаты өтуде. Бұл байқау — Worldskills жобасына негізделіп жасалған студенттер мен жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған республикалық жоба.

10 түрлі бағыт бойынша жобаға Жамбыл облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысады. Байқау Тараз қаласындағы 4 арнайы колледжде өтіп жатыр. 60 студент өз шеберліктерін байқатуда. 80 сарапшы жасалған жұмысты бағалап, жеңімпаздарға «WorldSkills Kazakhstan» өңіраралық чемпионатына жолдама береді. Шеберлік байқауы екі күн бойы жалғасатын болады