Мемлекеттік қызметті үйде отырып алуға болады

0 9

Тараз қаласында «Өз бетіңше қызмет ал!» атты акция өтті. Бұл шара – электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

 

Технологияның қазіргідей дамыған кезеңінде бір парақ анықтама қағазы үшін кезекке тұру енді тиімсіз. Бұл қызметті тұтынушылар осы электронды үкімет порталы арқылы үйінде отырып-ақ алуына болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба алсаңыз болғаны. Ғаламтор желісі арқылы тек анықтама ғана емес, басқа да бірқатар қызметтерді  қоғамдық көлікте жүріп, кезекте тұрып, уақытыңызды жоғалтпай-ақ ала аласыз. Егер электронды порталды қолдану қиындық туғызады десеңіз, оның да шешімі қарастырылған. Халық көп қайырылатын мекемелерде электронды қызмет түрін тұтынуды тегін үйрету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.