Медициналық сақтандыруға жекеменшік емханалар тартылмақ

0 1

Медициналық сақтандыру қоры халыққа қызмет көрсетуге жекеменшік емханаларды тарту бойынша белсенді жұмысты бастады.

«Қазіргі уақытта Қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында медициналық көмекті сатып алу жұмыстарын жүргізуде. Биыл келісімшарт бекітілген жеткізушілер амбулаториялық және стационарлық көмек көрсетіп жатыр», — деді Міндетті медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Серік Тәңірбергенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Аталған қордың хабарлауынша, халыққа тегін медициналық көмек көрсететін 1390 ұйымның 43 проценті, яғни 602-сі жекеменшік емханалар. 2017 жылмен салыстырғанда, биыл емханалар саны 183-ке артқан. Мамандардың пікірінше, мұндай үрдіс инфрақұрылым мен мамандар тапшылығы мәселесін шешуге және бәсекелестікті арттыру арқылы қызмет көрсету сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.