Қостанайда ойын-сауық орталығы өртенді: Бір адам зардап шекті

0 3

Қостанайдағы «MART» сауда, ойын-сауық орталығынан өрт шықты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады.

«Төтенше жағдай бүгін сағат 06.00 шамасында болды. Өрт ғимараттың жертөле қабатында орналасқан дәріхана компьютерінің жүйелік блогынан  шыққан. Жалын шарпыған аумақ 3 шаршы метрді құрады», — деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт Балғина.

Ойын-сауық орталығының күзетшісін күйік шалғаны белгілі болды. Қазір ол қалалық ауруханада амбулаториялық ем алып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.