Мемлекеттік қызметшілерді оқытуда Mock trials әдістері пайдаланылуда

0 6

Жас мемлекеттік қызметшілер тәртіптік теріс қылықты қарауды жүзеге асыратын Әдеп жөніндегі кеңестің отырысын сахналады.

Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер 3 апталық қайта даярлау курсынан алған білімдерін тәртіптік істі қарау сценариі бойынша қойылым қою арқылы тәжірибеде көрсетті. Онда тыңдаушылар мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасасқан заңды тұлғаға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасау фактісі бойынша аудандық білім бөлімі басшысы орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарады.

«Мемлекеттік басқару академиясының базасында мемлекеттік қызметкерлерге әдеп нормалары мен заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша оқыту жүргізілуде. Осы оқыту барысында біз жаңа интерактивті әдістер қолданатын боламыз… Интерактивті әдістер мемлекеттік қызметкерлердің ойлауын трансформациялауға үлес қосады, осындай Mock trials әдістері, яғни, сот отырыстарын сахналау дамыған мемлекеттерде кең қолданыста… Жалпы, этика бұл арифметика емес, оны бір формулаға салып, есептеу мүмкін емес. Әдептік нормаларға үйрету қажет. Сондықтан, осындай әдістерді оқу бағдарламаларына енгізу керек», — дейді Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті директорының орынбасары Мадина Наурызбек.

Осындай әдептік құқық бұзушылық мысалдарды қарау арқылы жүзеге асырылатын интерактивті оқыту тәсілдері рұқсат етілген және тыйым салынған дүниелерді ажырата білуге баулиды және әдептік нормалар мен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы қатаң сақтауға бағытталған адамгершілік сананы тәрбиелейді.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.