14 мамыр күні 7 сағат 25 минут 38 секундта жер сілкінісі тіркелді. Зілзала ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 637 шақырым қашықтықта — Шығыс Қазақстан облысында орналасқан, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 11.0. MPV тербелісі — 5.1. Ошағының бағыты 47.77° с.е. 81.84° ш.б. Тереңдігі — 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ», — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 377 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында 4.0 магнитудасымен жер сілкінгені хабарланған еді.