Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы Шахабаева Айгул, облыстық ТЖ алдын алу бөлімінің аға инженері Тоқсабаева Ардақ, қалалық білім бөлімінің методисті Алиева Марина баяндама жасады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Биылғы жылы Жамбыл облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ жеке құрамы облыстың 3 су айдындарында тәуліктік кезекшілік атқарады. Олар: Тараз қаласы «Зербұлақ» көлінде, Талас ауданы Қаратау қаласы «Жартас» көлінде, Сарысу ауданы Жаңатас қаласы «Қалалық жағажайы» болып отыр.
Сондай-ақ, облыс аумағында жазғы кезінде 10 қала сыртындағы сауықтыру лагерлер жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында жергілікті бюджет қорынан «Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбында 7000 жаднама және 12 ескерту белгілері алынды.
Айта кетерлігі, 2017 жылы облыс аумағында өткізілген іс-шараларға қарамастан оқиғалар 29 қайғылы оқиғалар тіркеліп, салдарынан 33 адам қаза болып, оның ішінде 21-і балалар болған.