Жамбыл облысында екі бірдей азамат суға батып кетті

0 5

Суға кеткендер Жамбыл және  Шу аудандарының тұрғындары болған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ТЖД сілтеме жасап.

10 маусымда  сағат 20:15 шамасында  Шу ауданына қарасты  Төле би ауылының 1958 жылғы тұрғыны белгісіз себептермен (киіммен болған) суға батып кеткен.  Оның мәйіті аудандық ІІБ-нің қызметкерлері  судан шығарған.

Сонымен қатар, 11 маусымда таңғы сағат  05:40 Жамбыл ауданына қарасты Шоқай ауылындағы  «Шохай-Каскад» балық шаруашылық жасанды сутоғанына 1998 жылы туған азамат шомылу кезінде суға батып кеткен.  Мәйіті  «ЖҚЖ» ММ-нің 3 қызметкері мен  1 техниканың  күшімен сағат 09:40-та  судан шығарылған.

Тағы,  «Алматы-Ташкент» тас жолының 478 шақырымында  жол апаты болып, нәтижесінде оқиға орнында 2 адамға медициналық көмек көрсетілген.

«Алматы-Ташкент» тас жолының 489 шақырымындағы жол апатының кесірінен, екі  адам зардап шегіп,  Құлан ауылдық АОА-на жатқызылған.

ТЖД бөлімшелері – 10 рет жедел шығып, оның ішінде жану оқиғасы  – 8, авариялық-құтқару жұмысы – 1, іздестіру жұмыстары – 1 рет болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.