Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов байлыққа салынатын салық туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап.
«Байлыққа салынатын салық — мұны түрліше түсінуге болады. Бірнеше жыл бұрын қозғалтқыш көлемі үлкен көліктерге салықты көтергені естеріңізде шығар. Көлемі үлкен дегеніміз — құны да жоғары және олардан көбірек алынады. Меніңше, жер телімі, мүлік пен көлік сияқты салық салынатын нысандар жеңіл басқарылады», — дейді министр халықпен есептік кездесу кезінде.
Оның сөзінше, байлыққа салынатын салық мемлекеттік кадастырларда, реестр, тіркеуде тұрған және ІІМ мен Әділет министрлігінде реттелетін нысандарға салуға болады.
«Байлыққа салықты еңбекақыдан алмау керек, жеңіл басқарылатын нысандарға бұру қажет. Әрине бұған да салмақтап келуіміз керек. Әзірге тек халықаралық тәжірибелерді қарастырып отырмыз және бізге қалай боларын саралап отырмыз. Бұл жылы осы мәселе бойынша ешқандай өзгеріс жоспарланып жатқан жоқ», — дейді ол.