Таразда қала көшелеріне рейд жасалды

0 3

Қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов жүргізген тексеруде бірқатар олқылықтар анықталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Қала көшелерідегі түнгі жарықтандыруға рейд барысында Тәуке хан көшесіндегі «Алтын жұлдыз» кафесінің «т» әрпі сөніп тұр. «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы көше бойында орналасқан әлеуметтік билбордтар жарықтандырылмаған. «Алатау» дүкені жанында жүріп жатқан құрылыстың қоршауы ұсқынсыз. Көше бойында тандыр пеш қойылып, нан сатылуда. Рейд барысында мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, санитарлық талапқа сай келмейтін пеш алынып тасталды.

Сонымен қатар, Сейфуллин көшесінің бойында салынып жатқан жапсарлас құрылыстардың заңдалықтарын анықтауды, Көшеней көшесіндегі шағын базардың қасбеттерінің жаңа нұсқасын әзірлеуді тапсырды. Көшедегі 6 электр бағанының сымдарын қалпына келтіруді тұрғын — жай коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасына тапсырды. Жамбыл даңғылы бойындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетінің үйлесімділігі нашар, түнгі жарықтандырумен қамтамасыз етілмеген нысандар көптеп анықталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.