Облыста «қызыл сызық» нормаларын бұзған 32 заңсыз нысан анықталды

0 5

Жамбыл облысы бойынша «қызыл сызық» нормаларын бұзып жүргізілген 32 кәсіперлік заңсыз нысандары анықталды.  Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Дәулет Досанов айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Оның ішінде Тараз қаласы бойынша – 20 нысан. Олар Жамбыл даңғылының шекарасының бойында орналасқан нысандарды бұзуға қатысты 4 нысанның іс-материалдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан (26.07.2018 ж) Тараз қалалық сотына талап арызы (исковое заявление) жолданды.

Ал, аудандар бойынша – 12 нысан, атап айтқанда: Қордай ауданы бойынша – 5, Жамбыл ауданы бойынша – 2, Меркі ауданы бойынша – 1, Т.Рысқұлов ауданы бойынша – 4 нысан «қызыл сызық» нормаларын бұзыған.

Сондай-ақ, облыс бойынша құрылыс нормалары бұзылып жүргізілген нысандар саны – 41. Оның ішінде: Тараз қаласы бойынша – 20, аудандар бойынша – 21 нысан.

Сонымен қатар, Шу ауданы бойынша анықталған 2 нысанға қатысты Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына шара қолдану үшін мәліметтер жолданып, 2 нысанға қатысты іс-материалдары әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша тиісті сот органына жолданып, айыппұл салу және бұзып тастауға шешім шыққан.

Тараз қаласы бойынша құрылыс нормалары бұзылып жүргізілген 20 нысанның 13 нысан мәліметтері мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына шара қолдану үшін жолданып, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылып, тиісті тармақтар бойынша іс-материалдары Тараз қалалық мамандандырылған сотына жіберіліп, айыппұлдар салынды. Осы аталған 13 нысанға салынған айыппұлдар көлемі – 2, 207 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар, Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов және Сарысу ауданы әкімдіктерінің тиісті бөлімдері мен ауылдық округтері тарапынан жұмысшы (мобильді) топтары құрылып, зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Айта кетейік, Тараз қаласы бойынша 2018-2021жж жалпы 8809,8га құрылыс салынған аумақты игеру жоспарланған. Ал, облыс аудандары бойынша 2018-2020 жж. жалпы 23 863,51 га құрылысы салынған аумақты игеру жоспарланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.