Бүгін Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы Қазақстан мектебі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Шара мұғалімдерге жаңартылған білім беру бағдарламасын құрастырып, белгіленген бағыт қалыптастырып, мамандардың кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Жиында алғаш болып сөз сөйлеген университет ректоры Ержан Әмірбекұлы жаһандану заманында білім саласының бір орында ұзақ бөгеліп, осы күнге дейін жеткен жетістіктерге марқаюға болмайтынын атап айтты.
Конференцияда білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында педагогикалық кадрларды дайындау мәселелері, үштілділік білім беру, латын графикасына көшу мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, жиында «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлшат Медетбекова педагог мамандардың кәсіби дамуына өз үлесін қосатын ұйымның соңғы мерзімде атқарған жұмыстарын ел назарына ұсынды.