Мойынқұмда Елбасы Жолдауын түсіндіруге арналған жиын өтті

0 4

Мойынқұм аудан әкімшілігінде ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын аудан халқына түсіндіру жұмыстарын жүргізетін штабтың кеңейтілген отырысы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Отырысқа штаб мүшелері, аудан әкімшілігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары мен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссияның тараптары және жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылары, кәсіпорын жетекшілері, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалығының жетекшілері қатысты.

— Елбасымыз Н.Назарбаевтың жақында ғана жарияланған Жолдауымен барлығыңызда танысқан боларсыздар. Ең бастысы бұл Жолдау — халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналып отыр. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап меншік иесіне қарамастан ең төменгі жалақы 42476 теңге болады. Бұл ретте мекеменің ұжымдық, шартындағы еңбек ақы төлеу жөніндегі бөлімге өзгеріс енгізу керек. Осылайша еңбек-шартын заңдастырып қойған жөн, — деді жиынға арнайы келген облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Серғали Айдапкелов.

Жалақыны көтеруде жұмысшыларды қысқартуға болмайды. Оны Елбасы да ескертті. Оның басқа да жолдарын қарастыру керек. Қазір барлық жерлерде жалақыны көтеруге байланысты жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте жұмысшының кәсіби деңгейіне байланысты коэфиценттері ол айлықтың сыртында болатынын естен шығармаған жөн,— деді Серғали Өмірзақұлы.

— Біздің ауданда да ең төменгі жалақы алатын мекемелер бойынша мәліметтер алынды. Онда 15 мекеме белгіленіп отыр. Ұжымдық шартқа өзгеріс енгізу, жалақыны көтеру мәселесі айтылуда. Бүгінге дейін 2 мекеме өз ұжымдық –шартына өзгеріс енгізсе, қалғандары бұл істі енді қолға алды. Алдағы уақытта да бұл жұмыс өз жалғасын таба береді,— деді аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Серікхан Сатылғанов.

Отырыста қаралған мәселеге байланысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Сатыбалдиев пен кәсіпкер Бекболат Өткелбаев бірнеше сұрақ қойып, оған жауап алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.