Тараздағы қонақ үй маңынан сирек кездесетін әупілдек құтқарылды

0 4

Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының қызметкерлері Әупілдекті құтқарып қалды, деп хабарлайды «Zhambylnews» Ақпарат Агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тараз қаласындағы «Феникс» қонақ үйінің ауласына келіп қонған белгісіз құс туралы алғашқы ақпаратты қонақ үйдің қожайыны А.Маралова ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметовке жеткізген.

Осы хабар бойынша Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің мамандары Жанна Дүйсенбаева, Сұлтан Мінтұрғанов  және Тараз қалалық инспекциясының бас маманы Айдар Сүгірбаев сол маңға шұғыл жетеді.

Ол құстың сирек кездесетін үлкен әупілдек екенін анықтайды. Тараз әкімдігіне қарасты ветеринарлық қызметінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын) ветеринары клиникалық тексеруден өткізіп, жабайы құста жұқпалы ауру белгілері жоқ екендігіне көз жеткізеді.

«Құстың  қанаттары, аяқтары сау және құстың  өз бетінше ұша алатындығы туралы анықтама дайындалып,  үлкен  әупілдек табиғат ортасына еркіндікке жіберілді. Бір қызығы бұл құс Ресей мемлекетінің Қызыл кітабына енген. Қазақстанда бұл құс сирек кездеседі. Көбісі біздің еліміз арқылы ұшып өтеді», — дейді Сұлтан Мінтұрғанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.