2019 жылдың үштен бір бөлігін қазақстандықтар жұмыстан тыс, демалып, отбасы және жеке шаруаларымен айналысып өткізеді.
Қазақстанда мереке күндері жұмыс істемейтінін ескере отырып, мереке күні демалысқа сай келсе, мерекеден кейінгі күн демалыс болып саналады.
Демек, 2019 жылы аптасына бес күн қызмет ететін азаматтар үшін мерекелік демалыс күні мейрамнан кейінгі жұмыс күніне ауыстырылады:
- 23 наурыздан 25 наурызға;
- 6 шілдеден 8 шілдеге;
- 1 желтоқсаннан 2 желтоқсанға.
Сонымен, 2019 жылы қазақстандықтар үшін ақпан, сәуір, қазан айларында ғана қосымша демалыс болмайды. Демалыстардың басым көпшілігі наурыз айында (14) болмақ.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан