Жамбыл облысындағы 371 елді мекеннің 288-і табиғи газға қол жеткізген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш тағы ұлғаяды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Бүгінгі күні Жамбыл облысында 78% елді мекен газбен қамтылып, газбен қамту деңгейі халық санымен 91,3% құрап отыр. 2024 жылы облыс бойынша Қордай ауданының 3 елді мекеніне табиғи газ жүргізіліп, облыс халқының газбен қамтылу деңгейі 91,3% жетті. Биылғы жылдың аяғына дейін 9 елді мекен табиғи газбен қамтылып, облыстың газбен қамту деңгейін халық санымен 91,8%-ға жеткізу көзделуде. Облыста Сарысу ауданының 14 елді мекенін газбен қамту үшін «Еврохим-Қаратау» және Шу ауданының 18 елді мекенін газдандыру үшін «Шу» автоматты газ тарату станцияларының құрылысы жүргізілуде. Жалпы құны – 41,9 млрд теңге. Облыстың жалғыз газбен қамтылмаған Мойынқұм ауданының елді мекендерін газдандыру жобасы басталып, 9 елді мекеннің бастапқы 3 ауылына (Айдарлы, Бірлік, Биназар) газ құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны — 18,5 млрд теңге.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.