Айгүл Шайымова Тараздағы дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернатының жұмысымен танысты

0 8

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төраға орынбасары Айгүл Шайымова Тараздағы  дарынды балаларға арналған ІТ-лицей-интернатының жұмысымен танысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

-Бұл жоба «Сандық Қазақстан » бағдарламасы аясында іске қосылды. Лицей заманауи және озық технологиямен жабдықталған. Бүгінгі күні алты сынып, 12 кабинет бар, екі компьютерлік бөлме, кітапхана, LMK, STEM зертханасы, веб-программалау бөлмелері, робототехника және медициналық кешен бар. Бұған қоса, спорт және мәжіліс залдары, асхана бар, — дейді облыстық білім басқармасының бастығы Рахия Тұрмаханбетова.

Сондай ақ, IT-интернатта оқыту үш тілде жүргізіледі. Қазіргі таңда 120 бала оқытылады. Олардың 60-сы 7 сынып болса, 60 оқушы 8 сыныпта оқиды.

Айта кету керек, «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Жамбыл облысында белсенді іске асырылуда. Аймақта Коворкинг орталықтары мен IT-сыныптары ашу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.