Алға ауылының әкімі Бағдат Есбергенов xалық алдында есеп берді

0 7

Шу ауданына қарасты Алға ауылдық округінің әкімі Бағдат Есбергеновтің 2018 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Алға ауылдық округінің халық саны 3591 адам.  Алға, Сауытбек, Жайсан, Қ.Рысқұлбеков, Шайымқұл ауылдары мен Қаракөл бөлімшесі округ құрамына кіреді.

Округ аумағында қызмет етіп тұрған 3 білім нысандары, 1 бастауыш және 50 орындық балабақшасы бар. Мектептерде — 587  оқушы білім алады, оларға 88 ұстаз дәріс беруде.

Сонымен қатар, 2018-2019 жылдарғы оқу жылына білім нысандары толықтай дайындалып, жылыту маусымы 2018 жылдың 15 қазаннан басталып, сыныптар жылы температураны сақтап тұр. Қоймаларда көмір қоры жеткілікті мөлшерде жиналған.

Сондай-ақ, мектепке барар жол акциясы бойынша 2018 жылғы тамыз-қыркүйек айларында демеушілердің қолдауымен аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 16 балаға — 172,0 мың теңгеге киім-кешек, оқу құралдары сатып алып берілді.

Ал денсаулық сақтау саласына қатысты 3 нысан бар, атап айтқанда 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік және 1 медициналық пункттеріорналасқан.  Аталған мекемелер де қысқы жылыту маусымына толықтай дайындалып, жылу берілуде. Алға, Сауытбек ауылдарында пошта 2 байланыс жүйелері орналасқан.

Ауылдық округінің аумағында  3 кітапхана бар, онда-18457 дана кітап қоры бар, оның 9872 данасы мемлекетік тілде. Алайда, Жайсан ауылдық кітапханасы 2019 жылдан бастап тиісті ғимарат болмағандықтан өз жұмысын тоқтатты.

Округ бойынша қызмет етіп тұрған 2 мешіт бар. Ал Сауытбек ауылында мешіт құрылысы жүргізілуде. Көп уақыттан бері имам табылмай тұрған Жайсан ауылдық мешітіне қазан айының басында ҚМДБ бұйрығымен жаңа имам Сисенов Қыдырбек ағамыз тағайындалды.

Айта кетейік, 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Алға ауылдық округінен өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер алуға өтініш жазып, кезекке тұрған азаматтар саны — 246 адам. Бұл мәселені шешу үшін 25 гектар жер жаңа алқаптан бөлініп, инфраструктурасы жүргізілген соң халыққа жер телімдері берілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.