Құлан ауылдық округіне қарасты елді мекенде ағымдағы жылы жол мәселесі шешіледі

0 9

Т. Рысқұлов ауданына қарасты Құлан ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Мұрат Жайлыбаев Қарақат ауылы халқы алдында есеп берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Құлан ауылдық округіне Құлан, Қарақат және Шөңгер ауылдары кіреді. Осы елді мекендерде жалпы халық саны-19883 адам. Отбасы саны-4009, 30 ұлт өкілі бар. Құлан ауылдық округінің жалпы жер көлемі-54021,97 гектарды құрайды. Оның ішінде 10472,11 гектары егістік, көп жылдық екпелер -72,7 гектар, шабындық-1211 гектар, жайылым-40907 гектар және басқа да жерлерден құралған. 2018 жылы 7257 гектар жерге дәнді-дақылдар себіліп, орылды. 2019 жылы 2684 гектар күздік бидай егілді.

Ал ауылдық округ бойынша 2018 жылдың басында Құлан ауыл шаруашылық кітабына 135 шаруа қожалығы тіркелген. Оның ішінде 125 шауа қожалығы жұмыс істеп тұр. 2018 жылдың 9 айына шаруа қожалықтарының мал басы саны 2447 бас мүйізді ірі қара, 22746 бас қой, 1260 бас ешкі, 1260 бас жылқы, 10 бас түйе тіркелген. Жекеше мал басы сандары 5295 бас мүйізді ірі қара, 7382 бас қой, 3520 бас ешкі, 622 бас жылқы, 22886 үй құстары тіркелген.

Сондай-ақ, округте 1575 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, олар өз деңгейінде жұмыстарын орындауда. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке ниет білдіргендер саны-1978. Оларға ақшалай көмек тағайындалып, төленді. Бағдарламаның ІІ бағыты аясында 6 пайызбен берілетін несиеге ағымдағы жылы 42 адам өтініш беріп, мал бордақылау мақсатында 178 млн. теңге несие алды. Өткен жылдың соңында жеке тұлғалардан түскен көлік салығы – 43831,3 мың теңге, жеке табыс салығы – 25857,1 мың теңге болды. Заңды тұлғалардан түскен көлік салығы – 6648,2 мың теңге, жеке тұлғалардан түскен жер салығы-43831,3 мың теңге, жеке тұлғалардан түскен мүлік салығы-1000,1 мың теңге, сыртқы жарнама салығы-110,0 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар, Құлан ауылының 2018 жылы 28700,0 мың теңгеге ауылының 7 көшесі асфальтталды. Ауылдағы 59 көшеге асфальт төселді. 2018 -2019 жылдарға өтпелі бағдарлама бойынша 150 млн. теңгеге Құлан ауылы орталық алаңын кеңейту және аудан орталығымен өтетін аудандық мәні бар жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құлан ауылдық округі мемлекеттік мекемесінің 2018 жылға жоспарланған бюджеті – 536305,0 мың теңге, оның 12 айда игерілгені-536296,0 мың теңге. Өткен жылдың басынан 6 балабақша Құлан ауылдық округінің теңгеріміне өтті. Оларға бөлінген қаражат-285059,0 мың теңге, 12 айға игерілгені-285047,0 мың теңге.

Жиында Қарақат ауылына баратын жолды орташа жөндеу жұмысы туралы, Бауыржан Момышұлы көшесінің соңындағы электр бағанына жарық шам орнату туралы мәселе көтіріліп, ағымдағы жылы шешімі табылатыны түсіндірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.