Қаладан шықпаған, жұмысында жүрген: Қазақстандық азаматты өзге қалада болған қылмыс үшін айыптауда

0 0

Назгүл Қаржыбаева күйеуі Ақылбек Қаржыбаевты ойда-жоқта полицейлер ұстап алып кеткенін айтты. Екі айдан бері қамауда отыр. Ол 2018 жылдың мамыр айында Алматы қаласында әйел адамды ұрлап әкетіп, пәтерде ақша талап етті деп айыпталды. Ақылбекке халықаралық іздеу жариялаған, деп хабарлайды Евразия арнасы.

“Күйеуім мұндай қылмыс үшін айыпталып жатқанын өзі де білген жоқ. Ол жұмысына барып-келіп жүрді. Ешкімнен жасырынған жоқ. Қылмыс болды деген күні Алматыда емес, Өскеменде болды. Оны жұмысындағылар да дәлелдей алады. Біз жақында ипотекаға үй алдық. ХҚКО-ға барып, тіркеліп жүрдік. Осы уақытқа дейін іздеде болса, көші-қон полицейлері оның іздеудегі адам екенін білмей ме?”, – дейді әйелі Назгүл Қаржыбаева.

Ал, анасы тергеушілермен хабарласа алмай отырғанын жеткізді. Ақылбек жұмыс істейтін АО “Казцинк” зауытында электронды тексеріс арқылы кіргізіп-шығарады. Ал, қылмыс болды деген күні 25 мамыр мен 29 мамыр аралығында жұмысында Ақылбектің электронды тексерістен өткізілгені анықталды. Бұл күндері Өскемендегі туыстарымен де кездескен. Алайда бұл мағлұматқа тергеушілер жауап бермей отыр.

“Олардан ешнәрсе сұрамаған. Фотороботта Ақылбекке ұқсайтын біреу болған соң оған іздеу жариялай салған. Ешқай куәгерден жауап алмаған. Қаладан сыртқа шықты деген еш дәлелдері жоқ. Ешнәрсе анықталмастан қамауға алды. Бұндай жағдай сіздердің де бастарыңыздар болуы мүмкін”, – деп жазады отбасының туысы желіде.

Ақылбектің әйелі айы-күні жетіп, босанғалы отыр. Перзентханадан күйеуі шығарып алады деген үмітте.

Дереккөз: Stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.