Былтыр облыстық білім саласындағы бақылау департаменті 78 тексеріс шараларын жүргізді

0 19

Өткен жылы білім саласындағы бақылау департаменті 78 бақылау шараларын жүргізді. Оның ішінде 42 ішінара, 36 жоспардан тыс тексерулер болды. Бұл туралы облыстық білім саласындағы бақылау департаменінің басшысы Дәмеш Үскімбаеваның қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өткен жылдың бірінші жарты жылдығына арналған ішінара тексерулердің тізіміне облыс бойынша 45 білім беру ұйымы еніпті. Жоспарға сәйкес, 45 білім беру ұйымының 42-не  ішінара тексеру жүргізілген. Оның 3-і колледж, 37-і мектеп, 2-і балабақша.
Тексеріс нәтижесі бойынша, белгілі болғандай 15 білім беру ұйымында құрылтайшы құжаттарды талапқа сәйкес рәсімделмеуі, 10-да педагог қызметкерлердің мамандықтарының сәйкес келмеген, 12-де педагогтардың аттестаттаудан өтпеуі, 18-де біліктілікті арттыру курстарынан өту мерзімдерін бұзуы, 13-де білім беру стандартының, 23-де оқуға қабылдау қағидасының, 26-да ағымдық бағалау, аралық және қорытынды аттестаттау қағидасының, 27-де білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының талаптарын сақтамауы, 18-де материалдық-техникалық базаның сәйкес келмеуі анықталды.

Білім беру ұйымдарына анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар беріліп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, 1230 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлдар салынды және 15 білім беру ұйымының лицензияларының қолданысы 6 айға дейінгі мерзімдерге тоқтатылды.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша облыс әкімдігіне, облыс әкімдігінің білім басқармасына, аудан және қала әкімдіктері мен білім бөлімдеріне тиісті шаралар қабылдау туралы тұрақты түрде хаттар жолданған

Leave A Reply

Your email address will not be published.