Әйелдерге төсекте 60 күн жатып, 7 млн теңге алуға мүмкіндік беріліп отыр

0 10

АҚШ-тың ғарышты зерттеуге маманданған агенттігі әйелдерді уақытша жұмысқа шақырып жатыр, деп хабарлайды Mirror басылымы.

Мұны кейбір азаматтар оңай жұмыс деп ойлауы мүмкін. Бірақ барлығы олар ойлағандай оңай емес.

Жаңа бағдарламаға қатысқысы келетін азаматтар 60 күн төсекте жатуы керек. Сол үшін агенттік оларға 18,4 мың доллар немесе 6 миллион 828 мың теңге көлемінде сыйақы береді.

Жаңа тәжірибенің негізгі мақсаты – салмақсыздықты зерттеу, әрі ұзақ уақыт көлденеңінен жату адамның денесіне қалай әсер ететінін анықтау.

Зерттеуге қатысатын азаматтар барлығын жатып істеуі керек. Мысалы, гигиеналық процедураларды орындаған сәтте осы талапты міндетті түрде орындауы шарт.

Олар күн сайын жарты сағатын арнайы центрифуга да өткізеді. Онда жасанды гравитациясы болады.

Сондай-ақ экспериментке қатысушылар үшін диетологтар командасы арнайы тамақтану мәзірін әзірлеп жатыр.

Мамандар тәжірибе аяқталғанға дейін қатысушылар артық салмақ қоспайды деп уәде беріп отыр.

Бүгінде NASA экспериментке қатысуға ниет білдірген 24 жастан 55 жасқа дейінгі азаматтарды іріктеп алуда.

Тәжірибе осы жылдың қыркүйек айында Германияның Кельн қаласындағы аэроғарыш орталығында жүзеге аса бастайды.

Бағдарламаға қатысу үшін аталған орталықтың сайтына өтініш қалдыру керек.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.