ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

0 17

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Мирослав Лайчак Қазақстанға іс-сапармен келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«7-8 сәуірде ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Словакияның Сыртқы және Еуропа істері жөніндегі министрі Мирослав Лайчактың Қазақстанға жұмыс сапары жоспарланған. Сапар аясында М.Лайчак Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, сонымен қатар Сенат төрағасы Дариға Назарбаева және Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен кездеседі»,- деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, тараптар Қазақстан-Словакия екіжақты ынтымақтастығы мен Қазақстан мен ЕҚЫҰ  арасындағы өзара әрекеттестіктің қазіргі жағдайы мен келешегін, сондай-ақ еліміздің жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық бастамаларын талқылайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.