2019 жылы 10 сәуірде таңғы сағат төрт шамасында Тараз қаласының 24 жастағы екі тұрғыны алдын-ала сөз байласу арқылы Пушкин көшесінде орналасқан «Слим-бар» кафесінің жанында 18 жастағы екі жігітке бұзақылық ниетпен шабуыл жасаған. Шабуыл жасағандардың бірі жәбірленушіге өткір затпен дене жарақатын келтірген, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәбірленушілер Тараз қаласы №1 қалалық ауруханаға жеткізіліп, бірі жансақтау бөліміне орналастырылды. Сол күні полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады.
Оларға қатысты ҚР ҚК 106-баптың 2-бөлімі 7 тармағы және 293-баптың 2-бөлімі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Яғни, бұзақылық ниетпен Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру және адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы жасалған қылмыс.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.